Павлодарда дәрігерлер шабуылдан қалай қорғану керектігін үйренді
«Медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы аймақтық қоғамдық ұйымының Павлодар облыстық филиалының мәліметі бойынша, оқытудың өзектілігі медицина қызметкерлеріне қарсы шабуылдар, қорқытулар, қорлау және қылмыстық істермен анықталды.

Оқыту семинарында медициналық құқық саласындағы заңгер Талғат Жұмағазин баяндама жасады. Медициналық ұйымдардың өкілдері, пациенттерді қолдау қызметтері мен ішкі сараптама мамандары, кадр және заң мамандары, кәсіподақ мүшелері қатысты.
- Қатысушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің ережелері, сондай-ақ заңмен көзделген құқықтар мен негізгі кепілдіктер таныстырылды. Спикер сонымен қатар медицина қызметкерлеріне қатысты қорлау мен жала жабуға қатысты істерді талқылады. Талғат Жұмағазин медицина қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу жағдайындағы құқықтарды қорғау тетіктері туралы айтты, - деп хабарлайды «SENIM» кәсіподақ ұйымы.

Семинардың екінші бөлігінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру бойынша тренинг өтті. Қатысушылар белсенді түрде өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойды. Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.