Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет руханият саласын барынша дамыта беретінін атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жазды.
– Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің парақшасында.
Президент Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризашылығын білдірді.
– Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.