Күннің ұшқыны жерге түсті: Павлодар облысында ерекше құбылыс байқалды
Бұл – Солтүстік жарығы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
М.Катаев атындағы оқушылар сарайы обсерваториясының меңгерушісі Виталий Радченконың айтуынша, біздің планетамыздың магнитосферасы жаңа әрі күшті соққыға ұшырады. Ол бұл суреттерді Кемеңгер ауылының маңында түсіріп алған.
– Таңертең басталған жоғары геомагниттік белсенділік короналды массаның негізгі лақтырылуының келуіне тамаша негіз болды. Біз дәл осы құбылысты 3 қарашада күннің бетінен протурберанец көтерілу туралы айтылған кезде күттік. Енді оның жерге жеткені белгілі болды, – дейді Виталий Радченко.
Мұндай құбылысты Аққулы ауданы Жабағылы ауылының тұрғындары да байқаған.
– Бұл бір ғажайып сәт болды. Түнгі аспан түрлі-түсті бояуға боялды. Мұндай құбылысты алғаш рет көрдік. Құдды бір ертегі әлеміне тап болғандай сезіндік, – дейді жергілікті жастардың бірі Кенесары Аманжол.
Виталий Радченконың сөзінше, бұл ғарыштық параметрлер соңғы 20 жылда ең күштісі болып табылады. Планетааралық магнит өрісінің күші мен бағыты индексі +44 белгісіне дейін секірген және келесі күні өте күшті немесе экстремалды дауылдың жоғары ықтималдығы-G4-5 (KR 8-9) болуы мүмкін.
Суреттерді Виталий Радченко ұсынды