Павлодарлық студенттерді еңбек тәжірибесін алуға шақыруда
Жастар тәжірибесіне 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы колледждер мен ЖОО түлектерін «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға шақырады.
Жастар практикасы соңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтарға алған мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алуға арналған.
Жастар практикасына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жұмыс кестесі 5/2, ұзақтығы 8 сағат.
Павлодар қаласы жұмыспен қамту орталығы хабарлағандай, тәжірибеге қатысушыларға 103,5 мың теңге жалақы төленеді.
Жастар тәжірибесіне 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаға 57 түлек қатысуда. Өткен жылы 165 түлек қатысты.
Бүгінгі таңда жастар практикасы бойынша еңбек порталындағы жұмыс орындарының саны 250-ден асады.
Жобаға қатысу үшін – жеке куәлік, диплом, 20 санды банк шоты қажет.
Өтінімді enbek.kz порталында немесе Ак.Бектұров көшесі, 115 В мекен-жайы бойынша беруге болады.