Павлодарлық музей жас буынды Ертіс өңірінің тарихымен таныстырды
 
                                    Дәріске қатысушылар салт-дәстүр туралы тың деректермен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Г.Н. Потанин атындағы облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері Айнакөл жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларына қала өңірінің тарихы мен этнографиясы, табиғаты және жан-жануарлар әлеміне қатысты дәріс оқыды.
Дәріс барысында оқушыларға Павлодар Ертіс өңірінің табиғи байлығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.
– Мұндай кездесулер оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, өлкенің тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді, – дейді музей қызметкерлері.
Сонымен қатар, дәріске қатысушылар қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы тың деректер үйренді.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
         
         
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
 
    
 
    
 
    
 
         
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
