Есте сақтай алмайды: Павлодарда зейнеткер жоғалып кетті
Ол үнемі өзін өз ауылында тұрмайтын сияқты сезінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Vita» іздеу жүйелерінің мәліметінше, еріктілер жоғалған қарияны іздеуге шұғыл түрде шыққан. Әйел адамның есте сақтау қабілеті төмен.
– Бір жыл бұрын әжей үйден кетіп қалған болатын, ол кезде Успен тас жолынан табылды. Қазір адамдардан аулақ жүретіндіктен табу қиынға соғуда, – дейді еріктілер.
Іздеу жүйесінде Равнополь ауылына жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарынан көмек сұрайды.
– Зейнеткер үсіп қалуы мүмкін. Бәлкім, ол сіздің ауылыңызда, сізге жақын жерде болуы мүмкін немесе оны біреу аяп, паналатқан шығар, – дейді ұйымда.
Қандай да бір ақпарат болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарласуды сұрайды.