Павлодар облысында агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 80 миллиард теңге бөлінді

Бұл 24-тен астам жаңа жобаны іске асыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. 2022-2024 жылдарға арналған республикалық жоспар аясында облыста ауыл шаруашылығын дамытуға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
– Ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 80 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл 24-тен астам жаңа жобаны іске асыруға, 480 жаңа жұмыс орнын ашуға, инвестициялар көлемін 226,5 миллиард теңгеге жеткізуге мүмкіндік берді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында.
Павлодар облысы аграрлық көшбасшы саналды. Себебі, Қазақстан республикасы бойынша картоп өндірісінің – 27 пайызын, сәбіздің – 44 пайызын, дәнді дақылдардан жарма өндірісінің – 24, қарақұмық жармасының 71 пайызын өндіреді.
2024 жылы азық-түлік өндірісі 167 миллиард теңгені құрады, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 36,2 миллиард теңге сомасына азық-түлік өндірілген.
Өңірде ауыл шаруашылығы шикі затын қайта өңдеу және базарларды жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен толтыруды қамтамассыз ету үшін 108 дайындау пункті мен 251 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.
Павлодар өңірі күріш, қант және тұз сияқты әкіленетін азық-түліктерді қоспағанда 12 негізгі тағам түрі бойынша өзін толық қамтамасыз етеді.