Ұшақ бортында темекі шеккен павлодарлық жазаланды
Оқиға «Алматы-Павлодар» бағытына ұшу кезінде орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «Павлодар әуежайы» АҚ мәлімдеді.
- 23 қазан күні әуежайдың желілік полиция бөлімшесіне «FlyArystan» әуе компаниясының өкілдерінен «Алматы-Павлодар» бағытындағы КС 7131 рейсінде жолаушылардың бірі ұшақ бортында темекі шеккені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында ұшақта электронды шылым шеккен 35 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны анықталды, - делінген хабарламада.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы 1-2 бөлігіне сәйкес әкімшілік қаттама толтырылды. Павлодарлық ұшақ бортында темекі шеккені үшін 50 АЕК яғни 172 500 теңгенің (50 пайыз жеңілдігімен 86 250) айыппұлын арқалады.