Павлодар облысында бала кір жуғыш машинаға кептеліп қалды
Оқиға Тереңкөл ауылында болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11.14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері жұмылдырылып, арнайы құралдардың көмегімен 2018 жылы туған қыз баланы алып шықты. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді департаментте.
Бала барабанның ішінен ойыншықты алғысы келіп, аяғы қыстырылып қалған.
Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.