Успендік механизатор сот арқылы зейнетақы төлемдеріне қол жеткізді
Сот зейнетақы тағайындау үшін қажетті еңбек өтілін растады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Успен аудандық сотында заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды.
Арыз беруші сотқа дейінгі тәртіпте «Маяк» колхозында 1979-1992 жылдар аралығында механизатор болып жұмыс істеген кезеңін еңбек өтіліне қосу мүмкін еместігін айтып, сотқа талап қоюмен жүгінді. Мұрағаттық анықтамаға сәйкес, ол көрсетілген мерзімде еңбекақы төлеу есебінде көрсетілмеген және бұл кезеңнің құжаттары мұрағатқа түспеген. Бұл ретте арыз берушіде оның көрсетілген лауазымға жұмысқа қабылданғаны және босатылғанын растайтын еңбек кітапшасы бар. Сот отырысында арыз беруші көрсетілген талаптарды толығымен қолдап, оларды қанағаттандыруды сұрады.
Сот арыз берушінің даулы кезеңде жұмыс істеу фактісі еңбек кітапшасындағы жазбалармен, сондай-ақ іс материалдарына ұсынылған анықтамалармен расталатынын анықтады.
Анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот арызды қанағаттандырды, өйткені бұл фактіні анықтау жасы бойынша зейнетақыны тағайындау және оның мөлшерін анықтау үшін заңдық маңызы бар және арыз берушіге зейнетақымен қамсыздандыру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.