Павлодар облысында тұманды апта күтіледі

Павлодар облысында тұманды апта күтіледі
Фото: Константин Шелков

Аптаның орташа температурасы +20°С болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 25 қыркүйек күні желдің жылдамдығы шығыс бағытымен секундына 7-12 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +15...+20°С-қа дейін көтеріледі. 

26 қыркүйекте түнде ауа температурасы +7...+12°С болса, күндіз +17...+22°С болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. 

27 қыркүйек күні облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауса, түнде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде  +6...+11°С, ал күндіз +17...+22°С-қа дейін жылы болады деп болжануда. 

28 қыркүйекте де жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы шығыс бағытымен секундына 5-10 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы +5...+10°С, ал күндіз +15...+20°С-ты көрсетеді. 

29 қыркүйек күні облыстың батыс, шығыс, оңтүстігінде жаңбыр мен тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +13...+18 °С-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс бағытында секундына 5-10 метрге дейін соғады. 

Сенбіде облыстың көп бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +4...+9°С-қа дейін түссе, күндіз +13...+18°С жылы болады. 

Жексенбі күні де жаңбыр жауады деп күтілуде. Сынап бағанасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +12...+17°С-қа дейін көтеріледі.