30 тамызда Павлодар облысында ыстық болады

30 тамызда Павлодар облысында ыстық болады
Фото: Константин Шелков

Күндіз облыстың батысында жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, түнде батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+16, күндіз +25...+30 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.