Павлодар облысында қараша айының ортасында боран болады

Павлодар облысында  қараша айының ортасында боран болады
Фото: Константин Шелков

Бір ай ішінде секундына 15-20 метрге дейін жиі жел соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидромет 2023 жылғы қараша айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, бір айдағы орташа ауа температурасы -4,9-8,1°С болады деп күтілуде. Бұл облыстың оңтүстік жартысындағы нормаға жуық, солтүстік жартысындағы нормадан 1°С төмен (норма: - 4,9-6,8°С).

Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -5-10°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +2+7°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. 

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -7-12°С-тан -20-25°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -15-20°С-қа дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде -20-25°С-тан -3-8°С-қа дейін, облыстың шығысында -11°С, күндіз -15-20°С-тан -2+3°С-қа дейін көрсетеді.

Бір айдағы жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады (норма: 16-23 мм).

Бірінші онкүндіктің басында және соңында, үшінші онкүндіктің екінші жартысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Көбінесе екінші және үшінші онкүндіктің басында қар күтіледі. Үшінші онкүндіктің ортасында көктайғақ болады. Бірінші, екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің басында боран болжанады.