Екібастұзда студенттерге арналған муфтият жатақханасы ашылды
Жатақхана сыйымдылығы 16 студентке арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен аптаның қасиетті жұма күні Екібастұзда қалалық мешіттің жанынан студент жастарға арналған муфтият жатақханасы ашылды.
Салтанатты шараға қаланың құрметті ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты. Ашылу шарасында облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы және қала ақсақалдары Болат Жантілеуұлы, Қасқырбай Қазбекұлы құттықтау сөз сөйледі.
Хамид Ибраев атындағы жатақханада оқу сыныбы, ұстаз болмесі, дәретхана, жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар тәрбиеленушілер бос уақытта қолөнер үйренетін шеберхана да қарастырылған.
«Ибраев Хамид» қайырымдылық жеке мекемесі» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарайды.