Павлодарда полицейлер автотұрақ ережесін бұзған жүргізушілерді анықтауда
Рұқсат етілмеген жерде қалдырылған көлік басқа жол қозғалысына қатысушыларға да, жаяу жүргіншілерге де қолайсыздықтар тудыруы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір аумағында үнемі рейдтер жүргізілуде, оның барысында көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзушылықтар анықталады.
Полицейлердің айтуынша, жосықсыз жүргізушілер көбінесе мұндай ережелерді елемейді.
– Полицияға Естай-Сәтбаев көшесіндегі банктің жанында «ГАЗель» автокөлігі өткелді жауып тастағаны туралы қоңырау түсті. Осыған ұқсас факті Бөкейхан көшесі, 149 мекенжайында тіркелді, онда «Рено» автокөлігі де автокөліктердің шығуына кедергі келтірді. Тәртіп сақшылары көлік құралының иелерін анықтап, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, мұндай бұзушылықтардың алдын алу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Енді құқық бұзушылар айыппұл төлеуі керек, – деді облыстық ПД баспасөз орталығында.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін өңірдің 1821 тұрғыны жауапқа тартылған.