Ертіс жағалауында көше музыканттарына арналған жаңа шағын сахна пайда болды

Бұл идеяны шығармашыл жастар ұсынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала күні қарсаңында облыс әкімінің қолдауының арқасында жоба сәтті жүзеге асты.
– Сахна заманауи үлгіде, этно-стильде, Мемлекеттік Тудың элементтерімен безендірілді. Бұл ұлттық дәстүрге құрмет пен шығармашылық рухты бейнелейді, – деді қала әкімі Хасар Хабылбеков.
Ол бұл жерде жүрекке жылы әндер шырқалып, тың идеялар туып, қаламыздың ерекше рухани орындарының біріне айналатынына сенім білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram