Екібастұзда халық қаһармандары марапатталды

Екібастұзда халық қаһармандары марапатталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Марапаттау кеші қалалық музейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тарихи-өлкетану мұражайының мәлімдеуінше, 2 наурыз күні «Алғыс айту – игілік сыйлау» атты музейлік сабақ өткізілді. 

Осы датаға орай «Алғыс айту – игілік сыйлау» атты музейлік сабақ өткізілді. Қаламыздың азаматтары жұмыс бабында жүріп те, жұмыстан тыс уақытта да әртүрлі өмірлік қиындықтардан құтқарып қалған ержүрек батырлар шарамыздың құрметті қонақтары болды. Олар құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Нұрболат Қамзин, «Vita» іздеу отрядының координаторы Самал Дүйсембаева, – деді ұйымдастырушылар.

Мәдениет саласының үздігі Ләззат Шушаева және Естай атындағы балалар музыка мектебінің мұғалімі А.Бақытхан алғыстарын ән жырмен жеткізді.

Сонымен қатар, шараға арнайы күзет басқармасының қызметкерлері мен академик Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ колледж студенттері қатысты.