Павлодар облысының алты кәсіпорны монополияға қарсы заңды бұзған

Павлодар облысының алты кәсіпорны монополияға қарсы заңды бұзған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оларға қатысты тергеу амалдары жүруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің негізгі міндеті адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу, бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады. Осы мақсат үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы басқарма басшысы Бейбіт Молдабеков хабарлады.

Нарықты талдау, сондай-ақ өтініштерді қарау нәтижелері бойынша департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы төрт хабарлама жіберген.

Кондитерлік өнімдерді сату, құрғақ күлді өткізу сияқты базарлардағы субъектілерге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен «СПК Павлодар» АҚ-ның бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің белгілері туралы хабарламалар берілді.

– «СПК Павлодар» жарғыда қарастырылмаған қызметті пайдаланды. Мысалы, олар өз жарғысында көрсетілген азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сатып, басқа бір іспен айналысқысы келді. Осы қосымша қызмет бойынша жарғы жасау керек, – деп мысал келтірді Бейбіт Молдабеков.

Спикер әлеуметтік дүкендердің аз болғаны да атап өтті. Департамент «СПК Павлодар» әлеуметтік дүкендер санын қалпына келтіру үшін ұсыныс хат жолдады. Әлеуметтік дүкендер жұмыс істесе, нарықтағы бағасы бар қарапайым дүкендерге сұраныс төмендейді.

Қазақстандықтарға кәмпиттерді сататын «KDV Kazakhstan» ЖШС тұтынушыларға қатысты заң бұзушылықтарды уақытында жоймаған. Осыған байланысты департамент қазір тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалуы мүмкін.

«Богатырь Көмір» ЖШС де Қазақстанның электр тарату станциялары үшін көмірге жоғары баға белгілеп, монополияға қарсы заңнаманы бұзған. «Горкомхоз-Ақсу» ЖШС де осындай заңбұзушылықпен байқалып, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бағасын 2-3 есе өсірген. Ал «УПНК-ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің коксты арзан бағамен сатып алып, өз зиянына арзан бағамен сатуы департамент мамандардың тексеру жұмыстарын бастауға түрткі болған.

Бұзушылықтар анықталған кезде бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті хабарлама жібереді. Егер ескертулер уақытында түзетілмесе, сарапшылар ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғауға мәжбүр. Биылдың өзінде осы себепті тәртіп бұзушылардан бір миллион теңгеден астам өндірілген.