Павлодар облысының командасы тоғызқұмалақтан республикалық чемпионатта І орын алды

Павлодар облысының командасы тоғызқұмалақтан республикалық чемпионатта І орын алды

Тараз қаласында 21 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары спорт шеберлігі мектебінің мәліметінше, жарысқа еліміздің 17 облысынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 350 спортшы қатысты.

Жалпы есепте Павлодар облысының құрама командасы жалпы командалық бірінші орынға ие болды. Чемпионаттың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында өтетін Азия чемпионатына іріктеу  өткізілді. 

Жарыс барысында жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жақсы нәтиже көрсетті: Ерасыл Ауталипов – бірінші орын (рапид), екінші орын (блиц), Жәмила Баилдяшева – үшінші орын (классика, рапид, блиц),  Аяулым Серікова – үшінші орын (блиц), Аяжан Егінбай  бірінші орын (рапид) алды. Сол арқылы тоғызқұмалақ бойынша ҚР спорт шебері нормативін орындады.