Павлодар облысында 31 қазанда ауа райы қандай болады?

Павлодар облысында 31 қазанда ауа райы қандай болады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып, кей аудандарда тұман түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді. Өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Облыс бойынша күндіз ауа температурасы 5–10 градус жылы болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Павлодар қаласында күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы 8–10 градус жылы. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.