Павлодарда қай көшелерде жарық болмайды

Павлодарда қай көшелерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 тамызда сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Жамбыл көшесі, 4/1, 5, 6, Теплов көшесі, 34, 36, 38 мекенжайларында, сондай-ақ Жамбыл – Теплов – Бірлік – Амангелді көшелері аумағындағы тұрғын үйлерде электр энергиясы уақытша өшіріледі.

Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Радиозавод шағын ауданындағы Г және Д өтпе жолдары бойындағы тұрғын үйлер электр энергиясынсыз қалады.