Павлодарда Алюминстрой шағын ауданының тұрғындары баспаналы болды
Жаңа пәтерлердің кілттерін облыс әкімі тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Көпқабатты төрт жаңа үйдегі пәтерлер Алюминстрой шағын ауданындағы бұзылған ескі үйлердің тұрғындары мен кезекте тұрған жандарға бөлінді.
– Бүгін сіздердің өздеріңізге тиесілі шаршы метрлеріңізді алып жатқандарыңызға қуаныштымын, – деді облыс әкімі Асайын Байханов. – Бұл оңай шаруа емес әрі мәселені шешу үшін кем дегенде бір жарым-екі жыл қажет екенін айтқан болатынбыз. Сол уақыттан бері тура екі жыл өтті және бүгін өз уәдемізді орындағанымызға қуаныштымыз. Жалға берілетін тұрғын үйге қоныстанған 217 отбасының ішінен кейбіреулері туыстарына көшіп, өздерін қолайсыз сезінді және осы сәтті қанша күтті. Сабыр сақтап, шыдамдылық танытқандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс айтқым келеді.
Облыс әкімі бұрынғы Алюминстрой шағын ауданында екі және үш қабатты 159 үй сүрілгенін еске салды. Оның орнына 42 көпқабатты үй салынды.
– Бұрын Катаев көшесі, 49 мекенжайында тұратын едім, бүгін біздің көптен күткен арманымыз орындалды. Біз осы ауданда пәтер алғанымызға қуаныштымыз, – деді Людмила Сошкина. – Менің екі бөлмелі пәтерім болды, енді міне, көлемі дәл сондай екі бөлмелі пәтер алдым. Бұрынғы көршілер де бізбен бірге бір подъезге көшіп келгеніне қуаныштымын.
Естеріңізге сала кетейік, 307 адам Осипенко көшесі, 8/3, 6/2, Академик Шөкин көшесі, 154/3, Расковая көшесі, 1/1 мекенжайлары бойынша жаңа ғимараттардан пәтер алды.