Павлодарда кезекті трамвай өткелі жөнделеді

Павлодарда кезекті трамвай өткелі жөнделеді
Фото: Константин Шелков

Жүргізушілерге арнайы айналмалы жол жасалмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Космонавтар - Жібек жолы көшелерінің қиылысында рельс және шпал торы ауыстырылады. Жұмыс 10-19 шілде аралығында жүргізіледі.

Көлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін қосымша айналма жол жасалады. Осыған байланысты көлік иелерінен өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қалалық трамвай басқармасы 3-9 шілде аралығында трамвай депосының ауданында рельс пен шпал торын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын.