Павлодарлықтар жерлес батырларының бюстерін қайта қалпына келтіруде

Павлодарлықтар жерлес батырларының бюстерін қайта қалпына келтіруде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы қала басшысы өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жеңіс саябағындағы жұмыстарға кәсіби суретші, мүсінші мамандар жұмылдырылды.

Аталған бюсттер қола түске боялуда. Мамандардың айтуынша, қазір пайдаланылып жатқан боюу технологиясы сыртқы факторларға төзімді болып келеді. Яғни, ескерткіш тақтайшалар эстетикалық әлпетін көпке дейін сақтайтын болады, – деді Хасар Хабылбеков.

Бұған дейін тұрғындар тарапынан Ұлы Отан соғысы батырларының бюстерінің түсіне байланысты көп сын айтылған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)