Екібастұзда жылыту маусымына салғырттық танытқандарға қатысты тергеу аяқталды
Қылмыстық іс жақын арада сотқа жіберілетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков мәлім етті.
– Екі адамға қатысты тергеу аяқталды. Қазір күдіктілердің қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Екі апта ішінде істі сотқа жіберетін боламыз, – дейді Марлен Сламбеков.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 11 қаңтарында ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі (салғырттық) бойынша жылыту маусымына жауапты лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Аталған іс бойынша екі фигурант (аумақтық Энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы және Екібастұз қаласының ТКШБ басшысы), яғни өкілеттіктеріне байланысты жылыту кезеңінде ЖШС қызметін қадағалау және тиісті бақылауды қамтамасыз етуге міндетті тұлғалар анықталып, күдікті деп танылды.
Фото: Константин Шелков