Жаңбыр мен тұман: Павлодар облысында 12 қазанда ауа райы қандай болады?
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде облыс бойынша ауа температурасы 0...+5°C болады. Облыстың шығысында ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендейді. Жауын-шашын күтілмейді. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Күндіз сынап бағаны +12...+17°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +1...+3°C болады. Аспанды ала бұлт торлап, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +11...+16°C-қа дейін жетеді. Аспан ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды.