Павлодарда полиция ең көп шақырылған ойын-сауық орындары белгілі болды

Павлодарда полиция ең көп шақырылған ойын-сауық орындары белгілі болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар облысының полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарының анти-рейтингін жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаевтың айтуынша, тәртіп сақшылары 102 арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға талдау жүргізіп, ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлерін зерделеген. 

– Биылғы жылы полицияға түрлі сипаттағы 736 шақырту келіп түсті, – деді Азамат Күркебаев. – Анти-рейтингке облыс орталығындағы полиция шақыртулары ең көп тіркелген «Громче, «Альфа-Т», «Hudson», «Гараж» ойын-сауық орындары енді. 

Сондай-ақ «JanymSoul» караоке-бары, «Достар», «Celentano», «Лотос», «Южный», «Полянка» кафелері мен «Огни» мейрамханасында әрқайсысында 16-ға дейін хабарлама тіркелген.

Полиция департаменті аталған мекемелердің әкімшіліктеріне құқық бұзушылықтардың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар жолдаған.