Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде тауарлар арзан бағамен сатылады

Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде тауарлар арзан бағамен сатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Төрт ауданның шаруалары өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 7 ақпанда «Jailau» фермерлік нарығы аумағында Аққулы, Ақтоғай, Ертіс, Успен аудандарының, сондай-ақ Павлодар қаласының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына ет өнімдерінің барлық түрлері, картоп пен көкөністер, сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, шұжық өнімдері, өзге де азық-түлік тауарлары ұсынылады.

Өнімдердің бағасы Павлодар қаласындағы нарықтардағы бағалардан 15–20% төмен болады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз, Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.