Ақсу жастарына бір аптада қаланың ең үздік фотосуретін жасауды ұсынды

Ақсу жастарына бір аптада қаланың ең үздік фотосуретін жасауды ұсынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үздік қатысушыларға сыйлық немесе диплом береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері Ақсу қаласы мен оның ауылдық округінің тұрғындарына фотобайқау жариялады. Металлургтер қаласындағы ерекше орындарды немесе сәттерді түсіру керек.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қатысушылар ұсынатын фотосуреттердің сапасы жоғары және олардың өзіндік тарихы болуы керек. Жас фотографтар өздерінің фотосуреті мен түсірген орнына сипаттама беру керек. Фотосуреттердің 1-7 қазан аралығында түсірілуі міндетті, – дейді ұйымдастырушылар.

Байқау жұмыстарын crmi_aksu@mail.ru электронды поштасы немесе +7(771)370-06-63 WhatsApp нөмірі бойынша қабылдайды.

Барлық жұмыстарды ұйымдастырушылар ЖБДО Instagram-парақшасында жариялайды. «Ең қызық фото» аталымында жеңіске жету үшін лайк саны, пікірлер және қазылар алқасының шешімі маңызды. Дауыс беру 7 қазан сағат 10:00-ге дейін жалғасады.