Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Павлодарға келмекші
Айжан Бижанова бизнес өкілдерімен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кездесу 20 қыркүйек күні Қайырбаев көшесі, 32 мекенжайы бойынша қала әкімінің аппаратында өтеді.
– Айжан Бижанова бизнес өкілдерімен сағат 16:00-ден 17:30-ге дейін кездесіп, азаматтарды 17:30 – 18:00 аралығында қабылдайды. Облыс тұрғындары кездесуде қоятын сұрақтары мен ұсыныстарын +7(701)786-39-19 WhatsApp нөміріне жібере алады, – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз орталығында.
Сондай-ақ, ведомство азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін +7(701)786-39-19 (Азиза Нұрпейісова) нөміріне хабарласуды сұрайды.