Баянауыл ауылының тұрғындары жаңа басшыны сайлады
Дауыс беруге үш мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ауыл халқы Фархат Дәрібайды ауылдық округ әкімі лауазымына лайық деп тапты.
– Тұрғындар әкімнен күрмеулі мәселелердің шешілуі мен іргелі істердің басталуын күтеді. Фархат Жасқайратұлының ел игілігіне еңбек етеріне мен де сенім артамын, – деп жазды аудан әкімі Ардақ Кісентаев өзінің «Instagram» парақшасында.
Жаңа басшыға өз дауыстарын сайлауға қатысқан 3096 адамның 2541-і берді.