Қараша айында Екібастұзда жаңа тарифтер қолданысқа енеді
Шешім жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі және материалдар мен қызметтерге бағаның жоғарылауына байланысты қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Экибастузские тепловые сети» ЖШС Екібастұз қаласының тұтынушыларына 1 қарашадан бастап жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау жөніндегі қызметтерге жаңа тарифтердің қолданысқа енгізілетіндігі туралы хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, тұтынушылар үшін жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау қызметтеріне тарифтің өсуі сатып алынатын жылу энергиясы құнының, кәсіпорын қызметкерлері жалақысының өсуіне, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі және материалдар мен қызметтерге бағаның жоғарылауына байланысты.
Жалпыүйішілік есепке алу аспаптары бар жеке тұлғалар үшін жылу энергиясын босату тарифі 1 Гкал үшін 3 575,81 теңгені (ҚҚС ескергенде) құрайды.
ЖЕА жоқ жеке тұлғалар үшін тариф 1Гкал үшін 4 672,71 теңгені (ҚҚС ескергенде) құрайды .
Жылытылатын бөлмелерінің ауданы 100 ш. м.-ге дейінгі ЖЕА жоқ жеке тұлғалар үшін босату тарифі 1Гкал үшін 4 672,71 теңге (ҚҚС ескергенде).
Жылытылатын бөлмелерінің ауданы 100 ш. м.-ден 200 ш.м.-ге дейінгі ЖЕА жоқ жеке тұлғалар үшін босату тарифі 1 Гкал үшін 5 139,97 теңгені (ҚҚС ескергенде) құрайды.
Жылытылатын бөлмелерінің ауданы 200 ш.м.-ден артық ЖЕА жоқ жеке тұлғалар үшін босату тарифі 1 Гкал үшін 15 399,18 теңгені (ҚҚС ескергенде) құрайды.
ЖЕА бар заңды тұлғалар үшін босату тарифі 1 Гкал үшін 14 884,54 теңгені (ҚҚС ескергенде) құрайды.
ЖЕА жоқ заңды тұлғалар үшін тариф 1 Гкал үшін 22 719,21 теңгені (ҚҚС ескергенде) құрайды.
ЖЕА бар бюджеттік ұйымдар үшін жылу энергиясын босату тарифі 1Гкал үшін 119 563,48 теңгені (ҚҚС ескергенде) құрайды.
ЖЕА жоқ бюджеттік ұйымдар үшін босату тарифі 1 Гкал үшін 182 155,89 теңгені (ҚҚС ескергенде) құрайды.
Тарифті жоғарылату «ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ-нің 2024 жылғы 24 қазандағы №84-НҚ бұйрығына сәйкес іске асырылады.