Павлодарлық полицейлер Грозный тұрғынын ұстады
Тәртіп сақшылары 25 жыл бұрын қарақшылық жасаған күдіктінің тұрған жерін анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстады.
– Тергеу мәліметтері бойынша күдікті 1998 жылдың тамызында Павлодар қаласында тапанша мен балта қолданып, екі ағайындыға қарақшылық шабуыл жасау арқылы «Ниссан» маркалы екі көлікті иемденген, – деді департаментте.
Қылмыс жасағаннан кейін қашып кеткен.