Павлодарда сенбі күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Өнімді үш ауданның тауар өндірушілері алып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусым күні Торговая көшесі, 2А мекенжайы бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Успен, Тереңқөл, Ақкулы аудандарының тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» базарында және Ақсу қаласының «Ауыл базарында», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.