Павлодарда үйінен шыққан әйел ұшты-күйлі жоқ болып кетті
Жергілікті еріктілер азаматшаны іздестіруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
VITA іздестіру тобының мәліметінше, 1977 жылы туған қала тұрғыны Наталья Гончарова 26 қыркүйек күні Мәшһүр Жүсіп көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның қай жаққа шығып, бет алғаны белгісіз.
– Бойы – 164 сантиметр, дене пішіні арықша келген, көздері көгілдір, шашы – қысқа, ашық сары түстес, – дейді VITA еріктілері әлеуметтік желіде.
Жоғалған тұрғын үйінен шыққанда ақ толстовка, қара джинсы киген, кара түсті сөмкесі болған.
Еріктілер ұйымында жоғалған адам жайлы ақпарат болса, +7 747 615 55 63 немесе +7 777 334 82 01 нөміріне хабарласуды сұрайды.