Павлодарда суретші педагогтың жеке көрмесі ашылды

Павлодарда суретші педагогтың жеке көрмесі ашылды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Экспозицияда 20-дан астам жұмыс ұсынылған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында балалар көркемсурет мектебінің суретші педагогі Анна Аткинаның «Бояулар дүрбелеңі» атты дебюттік жеке көрмесі ашылды. 

Суреттердегі сюжеттер 2022-2024 жылдар аралығында акрил және майлы бояумен жасалған туған өлкенің саяхаттары мен мотивтерінен алынған. «Шабыт», «Ертісте», «Терезедегі көрініс», «Дала әуені», «Алмұрттар», «Сабандыкөл», «Шығыс құпиялары», «Қозы Көрпеш және Баян Сұлу», «Босфор», «Стамбул мотивтері», «Магнолия» шығармаларында табиғат сұлулығын, жыл мезгілдерін, шығыс аңыздарын, ұлттық дәмдерді көруге болады. 

Бұл көрме менің қалам мен еліме арналған. Суреттерімде көрерменге елімнің қаншалықты әдемі екенін, Отанымның ерекше табиғатын көрсеткім келді және бейнелеуде тек ашық түстерді қолданамын. Негізінен натюрморт және пейзаж жанрларында жазамын, бірақ кейде портреттер де саламын, – дейді Анна Аткина.

Ол көркемсурет мектебінде өзінің шығармашылық қызметін 2003 жылы кескіндеме, сурет және сәндік-қолданбалы өнер мұғалімі ретінде бастады. Оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылады. Биыл С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада педагог Шамиль Шушаевпен бірлескен «Екі көзқарас» көрмесінде оқушылары да өз жұмыстарын ұсынды.

Анна Аткина 2022 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының жыл сайынғы «Менің Қазақстаным» оқытушылар конкурсының жеңімпазы және жүлдегері болып табылады. Мәскеу қаласында өткен «Қысқы ертегі» бүкіл ресейлік көрме-байқауының «Композиция» номинациясы бойынша екінші дәрежелі дипломы бар. «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйелдер суретшілер қорының мүшесі.

2023-2024 жылдары Шымкент қаласында өткен «Размышление» халықаралық көрмесіне, Павлодар қаласында «Наурыз бояулары», «Айнаның арғы жағында», қала күніне арналған көрмелеріне, Омбы қаласында өткен «Бір өзеннің жағасында» халықаралық интерьер суреттер көрмесіне қатысқан. Қазақстанның суретшілерімен республикалық пленэрлерге, Баянауылдағы «Қимак-ART», Семей қаласындағы «Қазақстан тарихы қазіргі заман», «Наурыз мотивтеріне» пленэрлеріне қатысты.

Көрме 20 қыркүйекке дейін жалғасады.