Павлодарда жастар арасында төбелес шықты

Павлодарда жастар арасында төбелес шықты
Фото: Константин Шелков

Төбелескендер 23-31 аралығындағы облыс тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz.

Oблыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарлама 9 наурыз сағат 00:37 шамасында түскен.

— Сұрағанов көшесінің бойында орын алған төбелес бойынша полиция бөліміне 23-31 жас аралығындағы алты облыс тұрғыны жеткізілді. Барлық қатысушылар бұрын бір-бірімен таныс екендігі анықталды, дәмхана жанында бір-бірімен  жанжалдасып қалып, соңы төбелеске ұласқан,— делінген хабарламада.

Қатысушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, жұдырықтасқандар арыз жазудан бас тартқан.