Павлодарда үйінің кілтін ұмытып кеткен тұрғын айыппұл арқалады

Павлодарда үйінің кілтін ұмытып кеткен тұрғын айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері өңірде мыңға жуық тұрғын түнгі тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі тыныштықты бұзу – ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі. Мәселен, Қайырбаев көшесінде сағат 3:27-де тұрғындар қатты есікті қағу дыбысынан оянып, жарты сағатқа созылған шуға төзбей, полиция шақырды.

– Досымның мерекесіне барып, кеш қайттым. Үйдің кілтін ұмытып кетіп, есікті қақтым, – деп түсіндірді тұрғын.

Сондай-ақ, Торайғыров көшесіндегі пәтер иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол түнгі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көршілерінің мазасын алған.

– Жөндеу жұмыстарына тым беріліп кеткені соншалық, уақыттың қанша болғанын да ұмытып кеткен, – дейді тәртіп сақшылары.

Түнгі тыныштықты бұзған азаматтар 19 660 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.