Павлодарда 18 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап кетті
Бойжеткеннің жағдайы ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 14 наурызда сағат 13:04-те Ген. Дүйсенов мекенжайындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама түсті. Медициналық бригада төрт минуттың ішінде жетті.
№1 қалалық ауруханада қыздың жағдайы ауыр екенін хабарлады.
– Зардап шеккен қыз реанимацияға жатқызылды. Оның жамбас сүйектері сынған және басқа да ауыр жарақаттар алған, – деді ауруханада.
Оған сыртқы бекіту аппараты орнатылды. Алдағы уақытта дәрігерлер ота жасауға қатысты шешім қабылайтын болады.