Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Салдарынан зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қараша күні сағат 11:30 шамасында Бектұров көшесі, 58 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің маңында «Honda Odyssey» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, – дейді департаментте. 

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Еске сала кетейік, 8 қараша күні сағат 21.00-де Астана-Павлодар автожолында «Лада» маркалы автомашинаның жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз машинасын жөндеп жатқан КамАЗ жүргізушісін қағып кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі мен «Лада» автомашинасының жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.