Павлодар облысында Көрсетілетін қызметті алушы күні аталып өтеді
Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша кеңес беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Көрсетілетін қызметті алушы күні өңір тұрғындары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелері, жылжымайтын мүлікке объектінің паспорты, кадастр туралы ақпарат алады. Сондай-ақ жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларынан сұрақтар қоя алады. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша қажетті консультациялар алуға мүмкіндіктері болады.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара ХҚКО-да 15 қазан күні сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша ұйымдастырылады.