Павлодарлық журналист «лаңкестерді тұтқындаудың» куәгері болды

Павлодарлық журналист «лаңкестерді тұтқындаудың» куәгері болды

Шымкенттің «Ақтас» полигонында «Найза–Антитеррор-2023» республикалық жедел-тактикалық жаттығу аясында бұқаралық ақпарат құралдары үшін семинар өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстанның түкпір-түкпірлерінен келген БАҚ өкілдері «Лаңкестік қауіп жағдайындағы журналистика» екі күндік іс-шараға жиналды. Олардың арасында Pavlodarnews.kz тілшісі Айбек Жұматов та болды. 

Семинар мақсаты антитеррористік операция жағдайында ақпарат тарату үшін арнайы тілшілерді әзірлеу болды. Оқу-жаттығуда теориялық және тәжірибелік сабақтар шебер ұштастырылды. Семинар аясында кризистік жағдайларды баяндау, антитеррористік операция жағдайында БАҚ өкілдерінің күштік құрылымдармен әрекеттесуі үйретілді.

- Семинар қызық әрі пайдалы өтті. Бізді біраз нәрсеге үйретті, алайда біз осы білімізді өмірде қолданатын жағдай болмайды деп үміттенеміз, - деді тілші Айбек Жұматов.

Теориялық сабақ аяқталғаннан соң қатысушылар әртүрлі шынайы операция жағдайына қанық болды. Мысалы, журналистер ҚР Ұлттық ұланы мен «Бүркіт» арнайы жасақ қызметкерлерінің елді мекеннің бірінде жасырынған лаңкестерді бейтараптандырудың куәгерлері атанды. Әрі қарай ұйымдастырушылар шығармашылық саласында жұмыс істейтін адамдардың содырларды тұтқындау кезіндегі кәсібилігін сынады.

Фото: ҚР ҰҚК АТО