Павлодарлық энергетиктер қазақ тілін тегін үйреніп жүр

Павлодарлық энергетиктер қазақ тілін тегін үйреніп жүр
ЖИ иллюстрациясы

Кәсіпорын қызметкерлеріне мемлекеттік тілді меңгеруге арналған курстар мен цифрлық ресурстар таныстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, кәсіпорын ұжымы Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілдерімен кездесті. Жиында қазақ тілін күнделікті өмірде, жұмыста және құжат айналымында қолдану мәселелері талқыланды.

Басқарма өкілдері энергетиктерге тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік тілді тегін үйренуге болатын курстар, қолжетімді цифрлық платформалар мен қазақ тілін насихаттауға арналған іс-шаралар туралы ақпарат берді.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобында қызметкерлер үшін қазақ тілін үйрететін тегін курстар тұрақты түрде өткізіледі. Оған мемлекеттік тілді меңгергісі келетін кез келген жұмысшы қатыса алады.

Курстар қызметкерлердің қазақ тілінде еркін сөйлесуіне, оны кәсіби қызметінде қолдануына және тілдік дағдыларын жетілдіруіне бағытталған.