Павлодар облысында статистика бойынша фронт-офис құрылды

Павлодар облысында статистика бойынша фронт-офис құрылды
Фото:pixabay.com

Тұрғындарға статистика саласына қатысты кез келген сауалға жауап беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылармен және респонденттермен әрдайым кері байланысты қолдау мақсатында бюроның фронт-офисі құрылды.  Онда келесі арналар пайдаланылады:

– 1446 – Бірыңғай байланыс орталығы, соның ішінде «Бір терезе» қызметі;

– Telegram-bot @statgovkz_bot;

– www.stat.gov.kz интернет-ресурсының онлайн-кеңесшісі.

Адамдар әртүрлі сұрақтар бойынша кеңестер алып, статистикалық құжаттарды толтыру бойынша көмек алатын болады.