Павлодарлық зияткер оқушылар білімдерімен MacBook пен смарт сағат ұтты
Облыстық команда республикалық олимпиадада үздік деп танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ұлытау облысы Жезқазған қаласында 28 қазан-1 қараша күндері өткізілген Қаныш Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиадасына еліміздің 17 аймағынан 80-ге жуық 9-11-сынып оқушылары қатысты.
Павлодар облысынан химия пәнінен республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары Дәрия Бектұрсын, Ярослава Кравчук және Василий Лим қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Дария Бектұрсын мен 11-сынып оқушысы Ярослава Кравчук абсолютті жеңімпаздар атанды және алтын медальдарға иеленді, ал 9-сынып оқушысы Василий Лим қола медальға ие болды.
Сонымен қатар Ярослава Кравчук «Гран-при» номинациясымен Satbaev University білім грантына ие болды.
Павлодар облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» кубогымен марапатталды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер MacBook, планшеттер және смарт сағат сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды.