Павлодар облысында бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

Павлодар облысында бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сынып бағанасы минус 25 градусты көрсетуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 11 желтоқсанда облыс орталығы мектептерінде бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-4-сынып оқушыларының сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды: температура минус 25 градус көрсетуде, желдің екпіні секундына 1-2 метрді құрайды.  

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақсу қаласында да бірінші ауысымдағы 0-4-сынып оқушыларының сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Ал  Екібастұз қаласында бірінші аусымдағы 0-9-сыныптардың оқушылары үшін сабақтар онлайн форматта ұйымдастырылады.