Павлодарлық полицейлер жүргізушілерге түнгі уақытта тыныштық сақтауды ескертті

Павлодарлық полицейлер жүргізушілерге түнгі уақытта тыныштық сақтауды ескертті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары тұрғын үй аулаларында қатты музыка қосатындарға қатысты шағымдар жиілейтінін айтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кешкі және түнгі уақытта тұрғын үйлердің аулалары мен қала көшелерінде автокөліктерден шығатын қатты музыка тұрғындардың тыныштығын бұзады. Осыған байланысты полицейлер автокөлік жүргізушілерін жауапкершілік танытып, артық шу шығармауға шақырады.

Тәртіп сақшылары заңнамада белгіленген уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен өзара құрмет қаладағы жайлылықты қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады.