Павлодарлық полицейлер төбелестің алдын алды
Олар мас болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Академик Шокин көшесінің тұрғындарынан: «кіреберістің жанында мас адамдар төбелескелі жатыр» деген қоңырау түскен. Полицейлердің келуінің арқасында төбелеске жол берілмеді. Қоғамдық тәртіпті бұзушыларда мас болу расталды, олар қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тағы бір жағдайда Академик Бектұров көшесіндегі үйдің жанында мас адам бар екенін хабарлаған әйел полицияға қоңырау шалды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аулада бір бөтелке ішімдікпен жүрген адамды ұстап алды. Ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылы өңірде азаматтардың тұтынуы немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болуы туралы 6500-ге жуық фактінің жолы кесілді.
Айта кету керек, ңір тұрғындарына қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгені, бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда – 10 АЕК айыппұл салынады.