Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ
Фото: egemen.kz

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республика­сына мемлекеттік сапары барысында екі елдің қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйіне тоқталды, деп хабарлайды egemen.kz.

­ Владимир Путин Ресей мен Қазақстанның арасында мызғымас достық, тату көршілік және өзара тиімді қарым-қатынас берік орныққанын атап өтті.

- Бұған ортақ тарихымыз, халықтарымыздың тығыз сабақтасқан мәдениеті мен тағдыры арқау болып отыр. Екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы өзара құрмет пен сенім қағидатына негізделген. Біздің осындай ынтымақтастығымыз бүкіл Еуразия аумағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудің маңызды факторы саналады, - деді ол.

Ресей Президенті қуатты әрі өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметінің ерекше екенін тілге тиек етті.

- Елдеріңіздің экономикасы қарқынды дамып жатыр. Халық жаппай қолдаған тиімді ­саяси жүйе қалыптасты. Күні кеше Қазақстанда заман талабына сай келетін, елдің келешегін айқындайтын жаңа Конституция қабылданды. Республика азаматтарының басым көпшілігі осы құжатты қолдап дауыс берді. Сол арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік институттарды нығайту, елді жан-жақты жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық, рухани тұрғыдан дамыту жолындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Осы ауқымды реформаның бәрі табысты жүзеге асырылып, мемлекетті күшейтуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді деп сенемін, - деді Владимир Путин.

Көрші елдің Президентінің Қазақстанға деген пікірін мына сілтемеден толық оқи аласыздар.