Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы диалогтың орнауына ықпал етті

Грузия астанасы Тбилисиде өткен V «Жібек жолы» форумында ел басшылығына алғыс айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz haqqin.az сайтына сілтеме жасап.
21 қазанда Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев өз елінің аумағы арқылы Армения бағытындағы жүк транзитіне қойылған шектеулердің алынып тасталғанын мәлімдеді.
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бұл қадамның өзара келісімге келу мен логистиканы жеңілдету жолында аса маңызды екенін атап өтті.
– Бұл өте маңызды мәлімдеме. Осы шешімі үшін Әзербайжан Президентіне ризашылығымды білдіремін, – деді Никол Пашинян.
Сондай-ақ Армения Үкімет басшысы бұл келісімге қол жеткізудегі рөлі үшін Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне алғыс айтты.